Пятница, 18.07.2025, 06:28
Приветствую Вас Гость | RSS

№9 мектептің сайты

Мини-чат
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 2
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

салауттану 2

Шаш пен тырнақ күтімі, гигиенасы
Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс ролін атқаратынын айтпай кетуге болмайды.
Читать реферат →

Тері күтімі, гигиенасы
Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
Читать реферат →

Тәуліктік жүйе режимі
Тәуліктік жүйе режимі ағзаның жұмсаған қуатын өз қалпына келтіруге және оның іс-әрекеттенуін қамтамасыз ететін режим. Оның негізгі ырғақты және дұрыс еңбекпен алмастырыльш отырғаны жөн. Сонда ғана іс-әрекет дамып отырады.
Читать реферат →

Гигиена ғылымының негізгі бағыттары
1. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын (экологиялық фактор, санитарлық-гигиеналық, медициналық-биологиялық) тұрғыдан бағалау.
2. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларының (экологиясын) денсаулыққа деген әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу.
Читать реферат →

Гигиена ғылымы туралы жалпы түсінік
Гигиена грек сөзі — Gиgіеіпоs — емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман-дәрігерлер-гигаенистер дайындалады.
Читать реферат →

Жан-ұя психологиясы
Жан-ұя мүшелерінің бірімен-бірінің ынтымақтастығына бай-ланысты, оларды бірімен-бірінің татулығы, сыйласулығы. Бірінің сөзін екінші біреуінің түсінуі, ол сөздің басшылыққа алынуы жан-ұяның ынтымақтылығын көрсетеді. Мұның бәрі жан-ұяда ба-лалардың дұрыс тәрбиеленуіне ықпал жасайды. Некеге бір жастағы адамдар отыруға болады. Ал некеге отырған адамдардың жастары әр мөлшерде болса олар онда тойдын әсерін сонда көреді.
Читать реферат →

Үй-жай психологиясы
Психогигиенаның үй ішіндегі проблемаларды қалай шешудің жолын керсетіп беріп отырады. Үй ішінде нервісі ауырған адамдар болуы мүмкін. Оларға ерекше кеңіл аударуға психогигиена ақыл-кеңіс береді. Токсикомандармен қалай күрес жүргізудің жолын психогигаена көрсетіп береді. Радионың адам психо-логиясына қалай әсер ететіні де психогигиена зерттейді.
Читать реферат →

Ақыл ой еңбектерінің психогигиенасы
Бұл оңай шаруа емес, тск ауызбен айтуға оңай, ал оны іс жүзіне асыру өте қиын. Ой еңбегінің мөлшерін немен қалай белгілеудің өзі қиьш. Белсенді түрде дем алу проблемалары мен де психогигиена айналысады. Спорт проблемалары да психогигиенадан тыс қалған емес.

Еңбек және оку психогигиенасы
Бұл бөлім психогигиенаның өте күрделі бөлімдерінің бірі. Еңбек қуаныштың қайнар көзі. Ол адамның рухани денсаулығын күшейтеді.
Еңбек тәртібі қатаң сақталынуы тиіс. Ұжымда тұлға өзін-өзі дұ-рыс ұстай білу керек. Ұжым мүшелері мен дұрыс қарым-қатынаста болған дұрыс. Ұжымда беделді болсаңыз, ден саулығыңыз орта түседі.
Еңбек психологиясының қатаң сақталуын, психогигиена бақылау жасап отырады. Еңбек тазалығының сақталуына да қатаң бақылау жасап, жәрдемдеседі. Неше түрлі автоматты механизмдер адамның физиологиялық мүмкіндіктеріне сай келуі керек. Адам сағатына қанша ақпарат қабылдауы тиіс, осының бәрін психогигиена қарап, бақылау жасайды. Бұл проблемамен жаңа ғылым бағыты – эргономика айналысады. Сонда да болса психогигиена оған бірнеше кеңес беріп, ұсыныстар жасайды. Эргономика тек еңбек туралы ғылым емес, сондай-ақ ол еңбек психологиясымен де, еңбек физиологиясы проблемаларьшенде айналысады. Космикалық мәселелерменде шұғылданады. Адамның жұмыста сергек жүруін қадағалайды. Жұмыс орындарында психоэмоциялық кабинеттердің болуына талап қояды. Күннен-күнге технологиялық үрдістер күшейіп, осыған орай техниканың көбеюі психогигиенаның жаңа саласы инженерлік психологияның пайда болуына әкеп соғып отыр. Еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру қазіргі кезде ең бір ірі проблемалардың бірі. Интеллектуалды еңбек психологиясы психогигиенаның ең бір басты белмінінің біріне айналып отыр.

Жас ерекшелік гигиенасы
Жас ерекшелік гигиенасы — адамнын рухани денсаулығына бақылау жасап, деннің сау болуын қамтамасыз ететін психогигиенаның көрнекті саласының бірі. Тіпті ананың құрсағындағы жатқан баланың дені сау болып тууына ол қамқорлық жасайды. Ана кезінде, оларға психогигиеналық талаптар қойып олардың қатаң сақтауын қадағалайды және орындауды сұрайды.
Читать реферат →

Психогигиена туралы реферат.
Психогагиена — адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған шараларды іске асыру міндетін алдына қойып, оны ойдағыдай іске асыру мақсатын көздейді. Адамның рухани байлығын дамыту, оңай проблема емес. Ол ауызбен айтқанға оңай болғанымен, іс жүзіне асыру өте қиын.
Читать реферат →

Стресті болдырмаудың жолдары
1. Денсаулық психологиясы көпшіліктің қалаған арманына ілігіп отыр. Өйткені әлеуметтік жағдай, нарықтық эклономика, денсаулыққа ерекше әсер етіп, халықтың дснсаулығы айтар-лықтай төмендеп кетті. Не көп ауру көп. Дәрі-дәрмек өте қымбат. Оларды сатып алуға халықтың шамасы келе бермейді.
2. Денсаулық адам психикасына байланысты. Экономикалық жағдайларға байланысты мінез-кұлық өзгереді.

Форма входа
Іздеу
Күнтізбе
«  Июль 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив

Copyright MyCorp © 2025
Бесплатный конструктор сайтовuCoz