Қазанасы, Күздік – Батыс Қазақстан аймағында күз айларында, соғым алдында сойылатын мал еті. Қазанасы үшін тандалған ісек не тай-баспақ бірнеше ай бұрын бордақыланып, семіргіледі. Кей жерлерде Қазанасына сойылатын ісекті терісімен үйітіп, мүшелейді. Бұл қыс түсіп, күн суытқанша еттің бұзылмай сақталуын, әрі Қазанасының мол болуына мүмкіндік береді
Матов Ғабдұлман (1914, бұрынғы Орал облысы Жәнібек ауданы — 1942, Харьков қ. маңы) — дирижер, домбырашы, сазгер. Қазақтың халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі.
Читать реферат →
Энеолит туралы реферат (лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды.
Читать реферат →
Шығыс Қазақстанның қола дәуірі. Шығыс Қазақстанның кола дәуірі ескерткіштері төрт кезеңге белінеді.
Олар:
Усть-Бөкен кезеңі (біздің заманымызға дейін XVIII—XVI ғасырлада)
Қанай кезеңі (біздің заманымызға дейін XV—XIII ғасырлада)
Кіші-Красноярка кезеңі (біздің заманымызға дейін XIII—IX ғасырлада)
Трушниково кезеңі (біздің заманымызға дейін IX—VIII ғасырлада)
Читать реферат →
Шолпан Батырқызы Қыдырниязова (6.5.1949 жылы туған, Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылы) – айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1980). Алғаш рет 17 жасында айтысқа түскен. 1971 жылы Орал педогогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1980 жылы Қазақ КСР-інің 60 жылдық тойында белгілі халық ақыны Манап Көкеновпен сайысқа түсіп, 1-орынды жеңіп алды. Қаратөбе ауданында Шолпанның ақындық тәжірибесінен сабақ алған жас ақындар Ш. Қыдырниязова тобы қалыптасты. Қазір «Тахат» 376 ААҚ-ның кадрлар бөлімінің бастығы.
Шетелдердегі қазақтардың (Оралмандардың) атамекеніне оралу мәселелері
Кезінде 1931—1933 жылдардағы ашаршылықтан Адай округінен көшіп кеткен 5 мыңдай Красноводск қазақтары қайтып орала бастады.
1960—1965 жылдары жұмыс іздеген екі мыңға жуық Астрахан қазақтары Атырау облысына қоныс аударып келді. Осының бөрі Маңғыстау, Атырау облыстарындағы халықтардың механикалық жолмен өсуіне әкелді.
Читать реферат →
Шайтанкөл көлі Қарқаралы қаласының оңтүстік батысында бес км жерде, Бұғылы тауының ткңіз деңгейінен 1200 м биіктігінде орналасқан. Ұзындығы 60 метр, ені 40 метр. Орташа тереңдігі 2 метр. Жартылай бұзылуға ұшыраған қат қабатты гранитті жартаспен қоршалған. Көлді хош иісті қарағай орманы қоршаған.
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы. Жаңа заманда қазақ халқының қалыптасу үрдісі Ресей, Қытай, Монғолия мен Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында одан әрі жалғаса берді. Егер олардың бір бөлігі ол жерлерде ежелгі замандардан тұрып келген болса, енді бір бөлігі жерін күштеп тартып алу, ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін қуғын-сургінге ушырау және басқа саяси, әлеуметтік-экономикалық себептердің салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәжбүр болды.
Читать реферат →
Шартпен егін бастыру. Қайыс арқанмен дәрте байлап, тасты қырман үстімен көлікпен сүйретеді. Содан соң осылай жартылай тазаланған дәнді жиып алып, ұшырады. Жартылай ұшырылған дәнді майқан деп атаған. Жиналған бұл дәнді қызыл дейтін. Астық бастырылып жатқанда көзі тиеді деп жұмыс біткенше сырт адамның қырман басына келуін аса қаламаған. Ал қырман басына келген адам «Қызыл көп болсын!» деп тілек айта келетін.
Читать реферат →
Түркі қағанаты саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені – Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар – теле – 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.
Читать реферат →