Пятница, 18.07.2025, 02:34
Приветствую Вас Гость | RSS

№9 мектептің сайты

Мини-чат
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 2
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әдебиет 2

Қорқыт жырлары
Қазақ халқының көнеден қалған рухани мұраларының бірі – «Қорқыт ата» кітабы. Даналық дастаны деп аталатын бұл шығарма ежелден күллі түркі әлеміне ортақ мұра.

КӨСЕМ СӨЗДІҢ ШЕБЕРІ

Бала кезден білетініміз, Қорқыт ата – өмірде болған адам. Дей тұрғанмен, жырдағы Қорқыт – аңыз-әңгімеге толы мифтік бейне. «Қорқыт ата былай деген екен…» деп басталатын нақыл сөздер көбіне-көп халық арасындағы мақал-мәтел мен қанатты сөздерге тым ұқсас келеді. Осының өзі-ақ дана бабаның атынан қарапайым халықтың өз арман-мұңдарын, ой-тілектерін қағазға түсіріп отырғанын аңғартады.
Читать реферат →

Октябрь 9, 2011 · Әдебиет · 12 comments

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы – қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес». «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». Ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған осындай орасан биік бағаға «Абай жолы» қандай қасиеттері мен жетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән негізгі ерекшеліктерді ескермей болмайды. Алдымен, тақырып туралы. Кешегі, яки тарихи тақырып: бүгінгі, яки қазіргі күн тақырыбы деп жүрміз. Бір тұста осылар жөнінде айтыс ашып, дауласып та көрдік. Бәрі шартты нәрсе! (Кеше, бүгін, ертең… Уақыт жалғастығында жік жоқ: таң атса, ертең бүгінге, бүгін кешеге айналады. Демек, кешесіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ). Сондай-ақ бүгінгі қазақ кім? Мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды. Әуезов өзінің төрт том «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді – өз отандастарына, керек десеңіз тіпті – қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын – оның өткен өмірін – тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.
Мазмұны
1 Қазақтың тұңғыш эпопеясы
2 Бірінші кітап
2.1 Абай бейнесі
2.2 Әке мен бала
3 Екінші кітап
3.1 Құнанбай бейнесі
3.2 Халық бейнесі
3.3 «Әуезов әйелдері»
3.4 Табиғат бейнесі
4 Ұлы жазушының ұлы туындысы
5 Пайдаланған әдебиет
Читать реферат →

Октябрь 9, 2011 · Әдебиет · 39 comments

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Читать реферат →

Октябрь 9, 2011 · Әдебиет · 6 comments

Жансүгіров Ілияс – ақын. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан.
Жоспар
1 Қысқаша өмірбаяны
2 Еңбектері
2.1 Қазақ әдебиетіндегі орны
3 Сілтемелер
4 Пайдаланылған әдебиеттер

Қысқаша өмірбаяны
Ілияс Жансүгіров
Дүниеге келгені: 1894 мамырдың 5-інде туған
Алматы облысы Ақсу ауданы
Қайтыс болғаны: 1938
Мансабы: ақын
Читать реферат →

Октябрь 9, 2011 · Әдебиет · 5 comments

Мағжан Жұмабай(Әбілмағжан) Бекенұлы (1893 – 1938) – Жұмабай Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.
Жоспар
1 Биография
2 Еңбектері
2.1 Философ ақын
2.2 Қазақ лирикасына үлес қосуы
2.3 Қазақ поэмасына үлес қосуы
2.4 Аудармалары
2.5 Шығармалар
3 Қайтыс болғаннан кейін
3.1 Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы
3.2 Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi
3.3 Мағжан туралы фильмдер
4 Сыртқы сілтемелер
5 Пайдаланған әдебиет
Читать реферат →

Октябрь 9, 2011 · Әдебиет · 7 comments

Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас ) (1894-1938) – қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері. 20ғ-дағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған жоқ. Сақтана пікір айтты. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар: «Сөзіңнің қарап тұрсам мағынасы мол, Бастаушы адасқанға болғандай жол, Өзге сөздің патшасы – сенің сөзің, Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол…» – деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты.
Читать реферат →

Октябрь 9, 2011 · Әдебиет · 13 comments

Байтұрсынұлы, Ахмет (1873—1938) — ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Жоспар
1 Автобиографиясы
2 Хронология
3 Шығармалары
4 Әдебиеттану
5 Аудармалары
6 Түркітану
7 Фильмдер
8 Сыртқы сілтемелер
9 Пайдаланылған әдебиет
Автобиографиясы
Читать реферат →

Әр тынысың «Отан» дейтін күн бүгін

Күн астыңда көк жайқын боп, тыныш теңіз тербеледі. Байтақ Балқаш бетінен кеш самалы келеді. Сол самал жел жылжытқан көкше, мөлдір көп толқын, бүгін Бертіс жағасынан, дағдыдан тыс күй көрді. Қою будақ түтіні бар, мұнарадай мұржалар емес таң қылған. Әсемдігіне Алматының өзі қызығарлық, өңшең бес қабат тас үйлі жаңа қалада емес бүгін бөлек көрінген. Теңізге таман төніп келген күдір белді бір тепсең бар еді. Соның барлық алаң-атырабын өзгеше қалың толқын басыпты. Салқын, сүйгіш теңіз толқыны емес. Ағылған адам толқыны. Қою, қалың, қайнар толқын. Нөсер әкеле жатқан бұлттай, бүктетіліп булыққан, кейде көсіліп шалқыған ерен қуат толқыны. Осы толқын үстінде қанатты ұран қалқып келеді… Қазіргі сағатта жүздер жүрегінен, мыңдар миынан атылып шыққан ұран. Ел тынысының атойы сияқты боп, ер қанының ңайнар ашуымен толқыған сияқты боп, айшықты ңызыл тулар желпініп келеді. Бұл келе жатқан еңбек елі. Осы сәтте «Отаным» деген жалғыз ұранды еске алған. Баяғының батырынша бекем басып, Арқаның ңоңыр салқын самалын төске алып, айдынды ашумен жиылып жатқан халық қолы…
Читать реферат →

Сентябрь 30, 2011 · Әдебиет · 20 comments

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.

Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.

Өмірбаяны 
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Читать реферат →

Форма входа
Іздеу
Күнтізбе
«  Июль 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив

Copyright MyCorp © 2025
Бесплатный конструктор сайтовuCoz